Accessibility links

НАТО күштері Ауғанстанда тағы бір жыл болады


БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі НАТО-ның Ауғанстандағы халықаралық күштерінің мандатын тағы бір жылға созды.

Бірауыздан қабылданған қарарда коалиция күштері елдегі қауіпсіздікті өз күштерімен қорғай алатындай дәрежеге жеткізу үшін ауған жауынгерлерін дайындауды жалғастыра беретіндігі айтылған. Бұдан бөлек, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі әскери операциялар өткізген кезде бейбіт тұрғындар мейлінше зердап шекпеуін қамтамасыз етуге шақырды.

АҚШ президенті Барак Обама бүгін әскери және саяси кеңесшілерімен Ауғанстандағы жағдайға арналған екінші кездесуін өткізеді. Күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі – Ауғанстандағы американдық күштердің санын көбейту. Қазіргі таңда Ауғанстанда АҚШ-тың 60 мың сарбазы мен офицері бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG