Accessibility links

Армения және Әзірбайжан президенттері Қарабах мәселесін талқылады


Кишиневте бейсенбі күні Әзірбайжан және Армения президенттерінің кездесуі өтті. Ильхам Әлиев пен Серж Саргсян Таулы Қарабах мәселесін реттеу жолдарын талқылады.

Президенттердің кездесуіне әуелі ЕҚЫҰ-ның Минск тобының өкілдері қатысты, одан соң Армения және Әзірбайжан басшылары жеке кездесу өткізді.

ЕҚЫҰ-ның өкілдері бұл кездесудің пайдасы көп болғандығын, екі елдің президенттері арасында «өзара түсінісе алмайтын мәселелер көп еместігін» атап көрсетті.

Жұма күні Кишиневте Армения, Әзірбайжан және Ресейдің қатысуымен Таулы Қарабах мәселесі бойынша үшжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG