Accessibility links

Чехия Лиссабон келісімін қабылдау шарттарын ұсынды


Чехия президенті Вацлав Клаус ЕуроОдақты реформалауды қарастыратын Лиссабон келісімін қабылдаудың жаңа шарттарын ұсынды. ЕуроОдаққа төрағалық етуші Швецияның премьер-министрі Фредрик Рейнфельдтпен телефон арқылы сөйлескен Клаус келісімдегі негізгі заңдар туралы Хартияға екі сөйлемнен тұратын қосымша енгізуді талап еткен.

Қазіргі күні Лиссабон келісіміне Чехия ғана қол қоймады. Президент Вацлав Клаус құжаттың ел заңдарымен сәйкестігіне қатысты конституциялық соттың шешімін күтіп отыр. Бейсенбі күні Польша президенті Лех Качиньски Лиссабон келісіміне сенбі күні қол қоятындығын мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG