Accessibility links

Обама бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды


2009 жылғы бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын АҚШ президенті Барак Обама жеңіп алды. Норвегия Нобель комитетінің мәлімдеуінше, Обама халықаралық дипломатия мен халықтар арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге қосқан өзінің ерекше үлесі үшін марапатталып отыр. Бұл хабарды комитет төрағасы Торберн Ягланд бүгін Ослода жариялады.

"Комитет Обаманың ядролық қарусыз әлем үшін көзқарасы мен атқарып жатқан жұмысына аса назар аударып отыр", - деді Ягланд.

Комитет сондай-ақ Обама "халықаралық саясатта жаңа климат қалыптастырды" деп атап көрсетті. Комитеттің айтуынша, Барак Обама әлем назарын өзіне аудартып, адамдардың жақсырақ болашаққа деген үмітін оятты. Мұндай сирек жетістікке бұған дейін көп ешкім қол жеткізе қоймаған дейді комитет.

Бейбітшілік бойынша сыйлықты швециялық өнеркәсіпші Алфред Нобель құрған болатын. Сыйлық желтоқсанның 10-да Ослода беріледі.
XS
SM
MD
LG