Accessibility links

Кишиневте ТМД басқосуы басталды


Молдова астанасы Кишиневте Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері жетекшілерінің саммиті басталды.

Алайда Орталық Азия елдерінің төртеуінің, яғни Қазақстан, Түркменстан, Тәжікстан, және Өзбекстан басшылары бұл басқосуға қатысудан бас тартып, оған төменгі дәрежелі делегацияларын жіберді. Осы жазда бұл ұйымнан шыққан Грузия жетекшісі де саммитке бармады.

Осы басқосудың аясында бейсенбі күні Армения президенті Серж Саргсян мен Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев Таулы Қарабах мәселесіне байланысты келіссөздер өткізді. Армения жетекшісі бұл кездесу "конструктивті" болды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG