Accessibility links

Украина президентінің одақтасы сыртқы істер министрі болды

Украина парламенті президент Виктор Ющенконың одақтасын сыртқы істер министрі етіп бекітті.

Петро Порошенко наурыз айынан бері бос тұрған бұл лауазымды иеленіп отыр. Биыл көктемде Украина парламенті премьер-министр Юлия Тимошенкомен дауласып қалған бұрынғы сыртқы істер министрі Володимир Охрызконы қызметінен босатқан болатын. Сыртқы істер министрін президент тағайындайды.
XS
SM
MD
LG