Accessibility links

АҚШ пен Еуропа өкілдері Босния-Герцеговинада


Еуропа Одағы мен АҚШ дипломаттары Босния мен Герцеговинадағы саясаткерлермен кездесуде. Олар саяси теке-тіресті жеңілдетуге және Еуропа Одағы мен НАТО-ға мүше болуға ұмтылған бұл елді реформалар жүргізу бағытында жылжытуға көмектесу мақсатында аймаққа келіп отыр.

ЕуроОдақ төрағалығындағы Швеция сыртқы істер министрі Карл Билдт пен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джим Стейнберг Боснияның сербтер, мұсылмандар және хорват қауымдастықтарымен кездесіп жатыр.

Шамамен бір жылдан кейін Босния мен Герцеговинада ұлттық сайлаулар өтеді. Бұл елде әлгі үш қауымдастық арасындағы теке-тірес өрши түсуде.
XS
SM
MD
LG