Accessibility links

Обаманың Нобель сыйлығымен марапатталуы түрлі пікірлер туғызуда


АҚШ президенті Барак Обаманың бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атануына байланысты әлемнен әртүрлі пікірлер келіп түсіп жатыр.

Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың баспасөз хатшысының айтуынша, Обама «ғаламдық қарым-қатынастардағы өзінің жаңа көзқарасы» үшін бұл сыйлықты жеңген лайықты адам. Еуропа комиссиясының басшысы Жозе Мануэл Баррозу сыйлық қауіпсіз әлем құруға үміттенген адамдарды ынталандырады деп атап көрсетті.

Палестина автономиясы Обаманы құттықтап, бұл сыйлық Обаманың Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мақсатындағы күш-жігерін одан әрмен күшейтеді деп үміттенеміз дейді.

Обаманың Нобель сыйлығын жеңіп алғанын Нобель сыйлығының иегерлері бұрынғы Совет одағы жетекшісі Михаил Горбачев пен Бангладеш экономисі Мухаммад Юнус және Оңтүстік Африканың бұрынғы президенті Нельсон Мандела қызу қуаттады.

Иран президентінің баспасөз кеңесшісі Әли Акбар Жаванфекр Обама Нобель сыйлығын алған соң әлемдегі әділетсіздікті тоқтау мақсатында жұмыс істеуі тиіс деп атап көрсетті.

Бірақ Талибан Обамаға бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын беру шешімін айыптап, АҚШ президенті Ауғанстанда бейбітшілік жолында ешбір қадам жасамады деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG