Ақ үйдің хабарлауынша, президент Барак Обама саяси мәселелер мен Ауғанстандағы қауіпсіздік проблемалары және Ауғанстандағы жаңа стратегиясын жүзеге асырудың жолдары бойынша өзінің жетекші кеңесшілерімен өткізген мәжілісін «ашық әңгіме болды» деп бағалады.
Бұл Ауғанстандағы ахуалды жақсарту үшін қабылданған жаңа стратегияны жүзеге асыру мақсатымен Б.Обама өткізген көп кеңестің бірі болды. Ал осы кезде Ауғанстандағы НАТО күштерінің америкалық бас қолбасышысы 40 мыңдық қосымша әскер жіберуін сұрап отыр. Жұма күні кеңес генерал МакКристэлдің нақ осы өтініші талданған Ақ үйдегі бірінші жиын болды.