Accessibility links

Пәкістан: содырлар армияның штаб-пәтеріне кірді


Пәкістан армиясының Равалпинди қаласындағы штаб-пәтеріне шабуыл жасаған барлық 4 содырдың да көздері жойылды. Хабарға қарағанда, 45 минутқа созылған атыста кем дегенде 6 жауынгер оққа ұшып, тағы бір бейбіт тұрғын мерт болды.
Атыс тиылып, ахуал армияның қадағалауына өтті деп жарияланды. Алайда, жергілікті баспасөз агенттіктерінің мәліметі бойынша, 2 содыр штаб-пәтердің аумағына өтіп, адамдарды кепілдікке алғанға ұқсайды.
Исламабадтан онша қашық емес армия штабына жасалған бұл шабуыл – Пешавар қаласындағы қуатты жарылыстан 1 күн өткенде болып отыр. Жарылыстан 50-ден астам адам мерт болған еді.
XS
SM
MD
LG