Accessibility links

Иран уранды өзі байытуы мүмкін


Иран үкіметі Теһрандағы реактордың жобасына қажетті уранды байыту үшін уранды байыту бағдарламасын жалғастыра беруі мүмкін деп ескертеді. Иранның атом энергетикасы бойынша агенттігінің ресми өкілі Әли Ширзадиан мәлімдегендей, байытылған уранды шетелден сатып алуға келісе алмаған жағдайда уранды өзі байытуға тура келуі мүмкін.
Ширзадианның сөзіне қарағанда, бұл мәселені 19 қазанда АҚШ, Франция және Ресей өкілдерімен Венада өтетін келіссөздің барысында талдауға Иран дайын.
Оған дейін Батыс дипломаттары атап көрсеткендей, қазан айының басында Женева қаласында болып өткен келіссөзде ресми Теһран өзінің уран шикізатын шетелде өңдеуге келіскен болатын.
XS
SM
MD
LG