Accessibility links

Жапонияның сыртқы істер министрі Кабулда


Жексенбі күні Жапонияның сыртқы істер министрі Катсуя Окада күтпеген жерден сапармен Ауғанстанға келіп, Күншығыс елінің жаңа үкіметі құрамынан ауған жеріне аяқ басқан бірінші мүшесі болды.
Министрдің өзі хабарлағандай, дәл осы күні-ақ ол көрші Пәкістанға аттанады. Пәкістанда Окада дүйсенбіге дейін қалады. Ал Кабулда ол ауған президенті Хамид Қарзайға және басқа да ауған жетекшілеріне жолығады. Тамыз айындағы президент сайлауынан кейінгі ауған билігін нығайту және Жапонияның көмек беру мәселесі – осы кездесулердің басты тақырыбы болмақшы.
XS
SM
MD
LG