Accessibility links

Түрік-армян келісімі бекітілмей қалуы мүмкін


Армениямен арадағы шекарасын ашу туралы келісімді Түркия Таулы Қарабах проблемасы шешілмейінше бекітпеуі мүмкін. Жексенбі күні Түркияның премьер-министрі Реджеп Эрдоган осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, ресми Анкара осы аумақтағы барлық шекараның бір мезгілде ашылуын қалайды. Эрдоган Ереванмен арадағы келісімді бекіту туралы ақырғы шешімді түрік парламентінің қабылдайтынын атап көрсетті.
Армениямен дипломатиялық қатынас орнату және түрік-армян шекарасын ашу туралы хаттамаларға сенбі күні Цюрихте қол қойылды. Әзірбайжанның сыртқы істер министрлігі Анкара мен Ереванның арасындағы қатынасты Таулы Қарабах проблемасын шешпей тұрып жақсарту – Түркия мен Әзірбайжан арасындағы бауырластық қарым-қатынасқа көлеңкесін түсіреді, - деп Түркияны өткір сынға алды.
XS
SM
MD
LG