Accessibility links

АҚШ-тың мұсылман қауымдастығындағы арнайы өкілі Қазақстанға келеді


АҚШ Мемлекеттік департаменті мұсылман қауымдастығындағы арнайы өкіл Фарах Пандит осы аптада жұмыс бабымен Қазақстанға келеді.

Сейсенбі күні таңертең Пандит Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығымен кездеседі, ал түстен кейін елдегі бірқатар діни ұйымдардың өкілдерімен бірге дөңгелек үстел мәжілісін өткізеді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті мұсылман қауымдастығындағы арнайы өкілдігі қызметін биыл маусым айында енгізген болатын.
XS
SM
MD
LG