Accessibility links

Клинтон бүгін Солтүстік Ирландияға барады


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бүгін Солтүстік Ирландиядағы бейбіт процестің нығаюына қолдау білдіру мақсатында британдық провинцияның басшыларымен кездеседі. Сондай-ақ, Клинтон Солтүстік Ирландия Ассамблеясында баяндама жасайды.

Британдық және ирландық ұлтшыл топтардың ондаған жылдарға созылған күресі нәтижесінде шамамен 3600 адам қаза болып, жанжал 1998 жылғы бейбіт келісіммен реттелген еді.

Белфаст қаласына сапарынан кейін Клинтон бүгін Ресей астанасына ұшып келеді.
XS
SM
MD
LG