Астанада жексенбі күні ауыр жол апатына ұшыраған автокөлік жүргізушілерінің қанынан алкоголь табылмады деп хабарлады ІІМ-нің баспасөз қызметі.
11 қазан күні түстен кейін Астанадағы жол бойында екі автокөлік соғысып, олар автобус аялдамасындағы тұрғындарға ұрынған. Соның салдарынан автобус күтіп тұрған екі әйел қаза болып, тағы жеті кісі, соның ішінде бес әскери қызметкер түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.
Жол-көлік апатын тергеумен Астана тергеу басқармасы айналысып жатыр.