Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан бірнеше адам мерт болды


Пәкістанның тынышсыз Суат жазығының жанында орын алған жарылыстан кемінде 4 адам қаза тапты. Полицияның айтуынша, Шангла ауданында болған шабуылдан сондай-ақ бірнеше кісі жарақат алған. Бұл жанкештілік жарылыс болды делінеді.

Осы жылдың басында Пәкістан қауіпсіздік күштері Суатта Талибан бүлікшілеріне қарсы ауқымды операциясын бастаған болатын.

Басқа да хабарларға қарағанда, демалыс күндері Рауалпинди қаласындағы армияның штаб-пәтеріне жасалған шабуылға байланысты жауапкершілікті пәкістандық Талибан қозғалысы өз мойнына алып отыр.
XS
SM
MD
LG