Accessibility links

Қарағандыда әскери қызметтегі сарбаз өзіне қол жұмсады


Қарағанды облысындағы әскери бөлімде 22 жастағы сарбаз өзін-өзі асып өлтірді. "ҚазТаг" агенттігінің хабарлауынша, көктемде әскери қызметке шақырылған әлгі азамат қазанның 11-і күні белдігіне асылған.

Орталық аймақтың әскери прокурорының бірінші орынбасары Владимир Мороздың айтуынша, сарбаздың денесінде ешқандай жарақат байқалмаған, ол ешқандай қолхат қалдырмаған. Қазір бұл оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG