Accessibility links

Түркменстан президенті энергетикалық сектор басшыларын ауыстырды


Түркменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедов елдің энергетикалық секторында жаңа тағайындаулар жүргізді.

Мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, Бердымухаммедов «Түркменнефтегазстрой» мемлекеттік компаниясының, сондай-ақ «Түркменнефть» және «Түркменгаз» мемлекеттік мұнайгаз кәсіпорындарының басшыларын қызметтерінен босатты.

Бұдан бөлек, Бердымухаммедов Түркменстандағы энергетикалық қондырғылар «құрылысы сапасының нашарлығын», қалалар мен ауылдарды газбен қамтамасыз ету ісінің баяулығын, сондай-ақ «мұнай өндіруді ұлғайтуға қажетті шаралардың» жоқтығын сынға алды.
XS
SM
MD
LG