Accessibility links

Бас прокуратура Еуропалық соттан Қабыловтың арызын тезірек қарауын сұрады


Қазақстанның бас прокуратурасы Қазақстан азаматы Әмір Қабыловтың шағымына және оны Украинадан еліне экстрадициялауға қатысты шешімін тездетуін сұрап Адам құқығы жөніндегі еуропалық сотқа өтініш жолдады.

Прокуратураның ақпараты бойынша, Қабыловты Украинаның құқық қорғау органдары Қазақстанда аса ауыр қылмыс жасаған деген күдікпен 2004 жылы ұстаған. Қабылов өзінің тұтқындалуының заңсыз екендігін айтып Еуропалық сотқа шағымданған, соған байланысты оны Қазақстанға экстрадициялау процесі тоқтап қалған.

Бұдан бөлек, прокуратураның мәліметінде Қабыловтың бес жыл бойы Украинада қамауда отырғандығы, сол арқылы оның еркіндігі мен өз құқығын сотта қорғау құқығы бұзылғандығы баяндалған.
XS
SM
MD
LG