Accessibility links

Ресейдің қауіпсіздік қызметі Грузияны айыптайды


Сейсенбі күні Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің төрағасы Александр Бортников Солтүстік Кавказда террористік қастандықтарды жүзеге асыруды жоспарлаған «Әл-Қаида» содырларын жаттықтырды және олардың Ресейге қарай қатерсіз өтуіне мүмкіндік берді деп Грузияны айыптапды.
Бортниковтың айтуынша, бүлікшілерден қолға түскен дыбыс таспалары олардың «Әл-Қаида» эмиссарларымен қатар, Грузияның қауіпсіздік қызметі өкілдерімен де байланысы болғанын айғақтайды.
Сонымен қатар А.Бортников Грузияны Ресейдің Дағыстан республикасында террористік қастандықтарды іске асыруға қару-жарақ пен қаржы беріп отыр деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG