Accessibility links

Кремль мен Ақ үй әріптестігін жалғастырады


Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы жаңа келісімге келу үшін Ресей мен АҚШ «айтарлықтай ілгері басты» деп мәлімдеді. Мәскеуде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен өткізген келіссөзін Лавров осылай деп бағалады. Жаңа келісімнің мәтінін желтоқсан айында аяқтау көзделіп отыр.
Кремль мен Ақ үй өз араларында қарама-қайшылықтардың барлығына қарамастан, стратегиялық әріптестікті жалғастыруға әзір екендерін мәлімдесті. Оның ішінде Клинтон ханым мәлімдегендей, Грузиядағы ахуалға Кремль мен Ақ үй түрлі қөзқараспен қарайды және Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздіктерін АҚШ-тың мойындайтын ниеті жоқ.
Мәскеуге дүйсенбі күні ұшып келген Х.Клинтонның сапар бағдарламасында Ресейдің адамның құқын қорғаушыларымен кездесуі жоспарланған.
XS
SM
MD
LG