Accessibility links

Хиллари Клинтон Қазан қаласында болды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Ресейге екі күндік сапарын аяқтап, мұсылман республикасы Татарстанға да барды. Клинтон ханым Қазан қаласында жергілікті халықтың қойған сауалдарына жауап берді.

Оның алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Мәскеудегі студенттер алдында сөз сөйлеп, елдің келешегі еркіндік, демократия негіздерін дамытуға байланысты деді.

Сейсенбі күні Хиллари Клинтон Ресейдің ресмилерімен халықаралық мәселелерді талқылады.

Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ пен Ресей мәмілегерлері екі елдің стратегиялық ядролық қаруды азайту жөніндегі екіжақты жаңа келісімге қарай айтарлықтай прогресс жасады деп айтты.
XS
SM
MD
LG