Accessibility links

Обама ауған стратегиясы бойынша кездесу өткізеді


АҚШ президенті Барак Обама сәрсенбі күні Ауғанстан мен Пәкістан аймағындағы Құрама Штаттар стратегиясын қайта қарау бойынша өз әкімшілігінің жауапты адамдарымен тағы бір кездесу өткізеді.

Сейсенбі күні Обама алдағы апталарда Ауғанстандағы соғыс саясаты туралы оның ішінде бұл елге онмыңдаған әскер жіберу керек пе, жоқ па деген мәселеде бір шешімге келетінін айтты.

Ақ үйде журналистер алдында сөйлеген президент Обама қандайда бір жаңа саясатымыздың мақсаты –әл-Қаида мен оның экстремист одақтастарын түбірімен құртуға бағытталады деді.

Бұл кездесу Обаманың Ауғанстандағы АҚШ саясатын стратегиялық тұрғыдан қайта қарау жөніндегі бесінші отырысы болады.
XS
SM
MD
LG