Accessibility links

Бағдадтағы шабуылдан 8 адам қаза тапты


Бүгін Ирақ астанасында орын алған шабуылдардан кемінде 8 адам қаза болып, 14 кісі жарақат алды.

Ирақ ресмилерінің айтуынша, Бағдадтың солтүстік-шығысындағы шииттер көбірек тұратын аймағында орналасқан Жавадайн базарында зымырандар жарылған.

Дәл осы уақытта қарулы топ бұл аймақтағы зергерлік бұйымдар дүкеніне шабуылдаған. Соңғы 18 айдың ішінде Ирақтағы қақтығыс күшейіп барады. Бірақ ресмилер соңғы шабуылдарды қылмыстық оқиға ретінде қарап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG