Accessibility links

Қазақстанның өндіріс орындарында 4 жұмысшы қаза болған


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте өндірістегі оқиға ретінде үш облыста апаттық жағдайлар тіркелген.

Аймақтық төтенше қызметтің ақпаратына сәйкес, адам өліміне әкелген апат сәрсенбіде 8 сағат 46 минутта Қарағанды облысының «Арселор Миттал Теміртау» кәсіпорнының «Абай» шахтасында болған. Шахтаның конвейер транспорты аумағындағы қозғалмалы лентаны тазалау барысында барабанға түсіп қалған 54 жастағы жұмысшы жарақаттанып, соның салдарынан көз жұмған.

Содан шамамен 5 сағаттан кейін Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылының аумағында жер қазу жұмыстары кезінде 43 және 55 жастағы екі жұмысшыны топырақ басып қалып, қайтыс болған.

Сондай-ақ осы күні «Қазфосфат» ЖШС Тараз филиалының аммофос цехы төңірегінде жарамсыз газ шығаратын істен шыққан мұржаны бөлшектеу кезінде 60 метр биіктіктен құлап кеткен «Металстрой» ЖШС-нің 23 жастағы слесары да көз жұмған.
XS
SM
MD
LG