Accessibility links

Италия ауған талибандарына пара берді дегенді жоққа шығарды


Британдық газетте жазылғандай, Италияның қауіпсіздік қызметі Ауғанстандағы аймақты италяндықтардың қорғауында ұстап тұру үшін талибандарға ақша төледі деген ақпаратты Италия үкіметі теріске шығарып отыр.

Премьер-министр Сильвио Берлускони кеңсесі "The Times"газетінде жарияланған мәлімет толығымен негізсіз десе, қорғаныс министрі түкке тұрмайтын хабар деген.

Британдық басылым Ауғанстанның Сароби ауданында Италия әскері талибандарға онмыңдаған доллар пара берді деп жазды.

Газет Батыстық әскери ресмилер мен НАТО әскерилеріне сілтеме жасап, АҚШ-тың барлау қызметкерлері пара берілді деген телефон әңгімелерін шығарғанына сүйеніп хабар таратқан.
XS
SM
MD
LG