Accessibility links

ҰҚШҰ кешенді жаттығуларының соңғы кезеңі өтеді


Бүгін Жамбыл облысының Гвардейский ауылындағы Мәтібұлақ полигонында «Өзара әрекеттестік — 2009» атты ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары қатысатын ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің (КСОР ОДКБ) қатысуымен ортақ стратегиялық командалық–штабтық жаттығуларының соңғы кезеңі өтеді.

2 қазанда басталған аталмыш жаттығулар бірыңғай әскери-саяси жағдайда өтетін топтық-штабтық жаттығулар кешенінен тұрады.

ЖӘҰК құру туралы шешімді ҰҚШҰ елдерінің басшылары 2009 жылғы 4 ақпандағы Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясында қабылдаған болатын. Мұндағы мақсат терроризм, экстремизм және есірткі тасымалдау сияқты қалыптасқан қауіп-қатерлер, техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, сонымен қатар халықаралық қауіпсіздікке ҰҚШҰ-ның тиімді үлес қосуын қамтамасыз ету.
XS
SM
MD
LG