Accessibility links

Ирландияда Лиссабон келісімі заңға айналды


Ирландия президенті Еуропа Одағының реформалар жөніндегі Лиссабон келісіміне қол қойды. Сөйтіп бұл келісім Ирландияда заңға айналды.

ЕуроОдаққа мүше 27 елдің тек біреуі ғана, яғни Чехия республикасы Лиссабон келісімін әлі бекіткен жоқ. Чехия парламенті келісімді мақұлдады бірақ ел президенті Вацлав Клаус оған қол қоюдан бас тартып отыр.

Лиссабон келісімі кеңейген Еуропа Одағындағы шешім шығару үдерісін тездетуді көздейді.
XS
SM
MD
LG