Accessibility links

Минскіде шеруге шыққан үкімет оппоненттері қамалды


Беларустің қауіпсіздік күштері ел астанасындағы үкіметке қарсы шерушілерді тарату кезінде көбісін таяққа жығып, қамауға алды.

Жұма күні Минск қаласында наразылық акциясына шыққан ондаған адамды полиция ұстап әкеткен. Және үкіметтік күштер бірнеше адамды соққыға жығып, 20-дан аса кісіні қамауға алған.

Өктемшіл биліктің жетекшісі Александр Лукашенконың қарсыластары әрбір айдың 16-да шеру өткізуге тырысып келеді. Олар саяси тұтқындармен бірлігін танытып, президент Лукашенко билікке келген 1994 жылдан бері көрінбей кеткен оппозициялық тұлғаларға назар аударуға шақырып келеді.
XS
SM
MD
LG