Accessibility links

Ереванда Түркиямен байланыстарға қарсылық танытылды


Ереванда 2 мыңдай адам жиналып, бір ғасырға жуық жаулықта болған Түркиямен байланыстарды дұрыстауға наразылық танытты.

Шерушілер парламентті өткен аптада қол қойылған Армения-Түркия арасында дипломатиялық байланыстар орнату мен екі ел арасындағы шекараны ашуға әкелетін келісімді бекітпеуге шақырды.

Түркия 1993 жылы Арменияның Таулы Қарабах жанжалына байланысты Әзірбайжанмен соғысына қарсылық танытып шекарасын жауып тастаған. Армяндықтар Түркия 1915 жылдарда Осман империясы кезіндегі қырғындарды геноцид деп мойындауын талап етеді.
XS
SM
MD
LG