Accessibility links

Ауғанстанда сайлау қортындысы жарияланады


Ауғанстанның сайлау комиссиясы президенттік сайлауға түскен қазіргі президент Хамид Карзай мен оның басты қарсыласы, бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла арасында қайта сайлау бола ма, жоқ па соны жариялауға дайындалып жатқанын мәлімдеді.

БҰҰ-ның қолдауындағы сайлау шағымдарын қарайтын комиссиясы тамыздың 20-дағы президенттік сайлау кезінде болды деген бұрмалаушылықтарға қатысты зерттеу нәтижесін хабарлайды.

Егер онда заңбұзушылықтар орын алған болса, екінші мәрте дауыс берулер өтпекші. Бастапқы сайлау қортындылары Хамид Карзай 54,6 пайыз дауыс жинады деп көрсеткен.

Алайда сайлау барысында бұрмалаушылықтар болғаны нақтыланса, Карзай қарсыласы Абдулламен қайта бәсекеге түседі.
XS
SM
MD
LG