Accessibility links

Фаллуджадағы жарылыстан ирақтық әскерлер мерт болды


Ирақтың батысындағы Фаллуджа қаласында орын алған бомба жарылысынан кемінде төрт ирақтық сарбаз қаза тапты. Қуатты жарылғыш зат Бағдадқа барар жолға қойылған.

Сонымен қатар бүгін бұл Анбар провинциясының Рамади қаласындағы үлкен көпірінде көлік жарылысы болып, Бағдадтан Сирия мен Иорданияға барар жолда көлік қозғалысын тоқтатып тастады.

Соңғы қақтығыстар апта барысындағы 19 кісі қаза тапқан жарылыстардың жалғасы болды, Рамадиде 80-нен аса адам жарақат алды.
XS
SM
MD
LG