Accessibility links

АҚШ Солтүстік Кореялық дипломатқа виза беретін болды


АҚШ мемлекеттік департаменті Солтүстік Кореяның ядролық мәмілегеріне осы айдың соңында Құрама Штаттарға келуге виза беруді мақұлдады.

Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты алтыжақты келіссөздерге қатысу үшін Ри Гун АҚШ-қа бармақшы.

Коммунистер жетекшілік ететін Солтүстік Корея елі осы жылдың басында көпжақты келіссөздерден шыққан еді, осы айдың басында қарусыздану келіссөздеріне оралатынын, бірақ алдымен Құрама Штаттармен келіссөз өткізгісі келетіндіктерін білдірді.

Мемлекеттік департаменттің хабарына қарағанда, ядролық мәмілегер Ри Гун Калифорниядағы қауіпсіздік конференциясына, одан кейін Нью-Йорктегі кездесуге қатысады деп күтіліп отыр.

Ресмилер Америкадағы бұл басқосуларда Солтүстік Корея өкілі АҚШ дипломаттарымен кездесуі әбден мүмкін деді.

Пхеньян мамыр айында екінші ядролық сынақтарын жасап, БҰҰ-ның жаңа санкцияларына тап болған еді.
XS
SM
MD
LG