Accessibility links

Мальдив үкіметі су астында жиын өткізді


Үнді мұхитындағы аралдық мемлекет Мальдив республикасының үкіметі өзінің отырысын су астында өткізді.

Олардың жарты сағатқа созылған отырысы ғаламдық жылынуға әлемнің назарын аудару болды. Ғаламдық жылыну проблемасынан туындаған мұхит деңгейінің көтерілуі алдағы 100 жылда бұл мемлекетке жойылып кету қаупін төндіріп отыр.

Мальдив үкіметі 4 метр тереңдіктегі су астындағы отырыстарын қимыл-әрекеттерімен, тақтаға сызып көрсету арқылы өткізген.

Олар ақ тақтаға жазған хабарламасында, “ғаламдық жылынуды тоқтатпасақ алдағы уақытта Мальдив елінің не болатыны туралы алаңдаушылығымызды дүниежүзіне жеткізгіміз келеді” деген.
XS
SM
MD
LG