Accessibility links

Карзай қарсыласымен келіссөзге дайын екенін айтты


Франция сыртқы істер министрі Бернард Кушнердің айтуынша, ауған президенті Хамид Карзай мен оның сайлаудағы басты қарсыласы Абдулла Абдулла Ауғанстанның сайлау дағдарысын шешу үшін бірге жұмыс істеуге дайын деді.

Кабулда президенттіктен үміткер екі кандидатпен келіссөз өткізген соң журналистер алдында сөйлеген Кушнердің сөзіне қарағанда, тамыз айындағы президенттік сайлаудан кейінгі саяси ахуалды реттеуде тараптар бірге әрекет етуге келісіп отыр.

Сайлау нәтижелері Карзай Абдулладан басым түскенін көрсетті. Бірақ дауыс берулер бұрмалаушылықпен өтті деген шағымдар болған.

БҰҰ-ның қолдауындағы арнайы комиссия бүгін өз зерттеулерін жарияламақшы.
XS
SM
MD
LG