Accessibility links

МАГАТЭ АҚШ пен Иранды ядролық келіссөзге шақырды


БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Құрама Штаттар мен Иран арасындағы алғы шартсыз тікелей келлісөздер Теһранның ядролық бағдарламасына байланысты дауды реттейтін жалғыз жол деді.

Мухаммад ел Барадейдің айтуынша, Иранға қарсы жаңа санкциялар даулы мәселені тек ушықтырып жібереді. Халықаралық Атом энергиясы жөніндегі агентігінің директоры ел Барадей бұл пікірлерін аустриялық Die Presse басылымына берген сұхбатында айтқан.

Ол өзінің алдағы аптада өтетін әлемнің жетекші алты елі мен Иран арасында өтетін келіссөздер бұл елдің ядролық бағдарламасына қатысты кеңірек келіссөздерге жол ашады деп сенеді.
XS
SM
MD
LG