Accessibility links

Грузиялық продюсер ақша жымқырған деп іздеуде жүр


Ресейден саяси баспана сұраған Грузияның Имеди телеарнасының бұрынғы продюсері Бадри Афанасьев ақша жеген деген айыппен іздеуде жүр. Бұл туралы ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігі Грузияның құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлады.

Имеди компаниясының телеарна продюсері болған Бадри кино түсіруге бөлінген қаржыны алып Грузиядан кетіп қалған дегенін грузиялық "Online" ақпарат агенттігі жазған.

Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің мәлімдеуінше, Афанасьев өзінің саяси баспана сұраған өтінішін Грузияда оппозициямен байланысы болғаны үшін қудалауға түскенін алға тартқан.
XS
SM
MD
LG