Accessibility links

Ирақтағы шабуылдан бейбіт тұрғын қаза тапты


Ирақтың Искандария қаласында жексенбі күні орын алған бомба жарылысынан бір бейбіт тұрғынның өмірі қиылып, тағы тоғыз адам жараланды.

Полицияның айтуынша, Бағдадтың оңтүстігіндеі қалада болған жарылыс көптеген дүкендер мен көліктерді талқандаған.

Сондай-ақ жексенбі күні Ирақтың солтүстік цемент компаниясының басшысы Хуссейн Мохсин Абидке қастандық шабуылы жасалып, аман қалды. Оның екі оққағары көлік жарылысынан жарақат алды.
XS
SM
MD
LG