Accessibility links

Лондонда ауаның ластануына қатысты жиын өтуде


Әлемдегі көміртегі қышқылын ауаға көп шығаратын елдер ғаламдық жылынуға қатысты келіссөздерін Лондонда бастады.

Үлкен Экономикалық Форумға мүше 17 елдің өкілдері дамушы елдермен бірге және БҰҰ-ның ресмилерімен кездесуде. Олардың басқосуы БҰҰ-ның климат жөннідегі Копенгаген конференциясына 50 күн қалғанда болып отыр.

Үлкен Экономикалық Форумға Аустралия, Бразилия, Канада, Қытай, Еуропа Одағы, Үндістан, Индонезия, Италия, Оңтүстік Корея, Мексика, Ресей, Оңтүстік Африка және Құрама Штаттар кіреді.

Бұл форумды осы жылдың басында АҚШ президенті Барак Обама бастаған.
XS
SM
MD
LG