Accessibility links

Ауғанстан сайлауының қортындысы шығады


БҰҰ-ның қолдауымен Ауғанстанда құрылған сайлауға қатысты шағымдарды қарайтын комиссия дауыс беру кезінде болған заңсыздықтар туралы көптен күтілген есебін жарияламақшы.

Ол сайлауда бұрмалаушылықтар болды деген шағымдарды қараған зерттеу қортындысы Ауғанстанда жаңа президент жариялана ма, жоқ президенттік сайлаудың екінші сатысы өте ме деген мәселені шешетін болады.

Қазіргі президент Хамид Карзай алдыңғы есептерге қарағанда, 55 пайыз дауыспен басты бәсекелесі Абдулла Абдулладан 28 пайызға алда келе жатқан.

Егер атылмыш комиссия көп дауыстарды жарамсыз деп тапса, Карзайдың жинаған даусы 50 процентке түсіп, қайта сайлау өтуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG