Accessibility links

Иран: Пәкістан Жундолла жетекшісін беруі керек


Ислам революциялық сақшыларының басшысы Иран қанды шабуылға жауапты деп көтерілісшіл сүннит тобының жетекшісін беруді Пәкістаннан талап етеді деді.

Иран ресмилері жексенбі күнгі жанкештілік шабуылды ұйымдастырған Жундалла тобының жетекшісі Абдолмалек Риги Пәкістанда тығылып жүр деп отыр. Ол шабуылдан елдің жоғары шенді қолбасшыларымен қатар 42 адам қаза тапқан.

Ислам Революциялық сақшылар корпусының басшысы, генерал Мохаммад Али Жафари бұл шабуылға Пәкістан мен қатар, Құрама Штаттар және Британ барлау қызметінің қатысы бар дей келе, олар қарсы жазалау шаралары болады деп ескертті.
XS
SM
MD
LG