Accessibility links

Горбачев: Ресейде - демократияның пародиясы


Совет одағының соңғы жетекшісі Михаил Горбачев Ресейдегі сайлаулар келемежге айналды деді.

Горбачев Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің “Единая Россия” партиясы жергілікті сайлауларда жеңіске жеткеніне қатысты бұл пікірін “Новая газета”-ға берген сұхбатында айтқан.

Осы айдағы дауыс берулер кезінде заңбұзушылықтар мен бұрмалаушылықтар болды деген наразылықпен Ресей Думасының үш оппозициялық партиясы парламент отырысын тастап шыққан. Горбачевтің айтуынша, бұл Ресейдің сайлау жүйесіне деген сенімді жоғалтып, елдер дауыс беруге баруды тоқтатады.

Ол жетекшілік еткен 1989 жылдары Шығыс Еуропа елдерінде коммунизмді құлатуға әкелген реформалар 1991 жылы Совет Одағын ыдыратқаны белгілі. Горбачев осыған дейін Ресейдің жаңа билік жүейсіне қатысты сын айтуда абай болып келген.
XS
SM
MD
LG