Бүгін Құрама Штаттар сенаторы Джон Керри Пәкістанда АҚШ-тың мульти милиардтық көмегіне қатысты қалыптасқан күрделі жағдайды реттеуге тырысады.
Пәкістан әскерилері Құрама Штаттардың бес жылға бөлген 7,5 млд доллар болатын әскери емес көмегінің кейбір тұстары экстремистермен күресте Пәкістан ата заңын бұзады деді.
АҚШ президенті Барак Обама Пәкістанға берілетін бұл қаржы көмегі жоспарына қол қойып қойған. Бұл қаржы көмегі туралы жоспардың авторы сенатор Керри Пәкістанның әскери және саяси жетекшілерімен кездеседі.
Бұл арада АҚШ-тың Ирақ пен Ауғанстандағы операцияларын бақылайтын Орталық қолбасшылықтың басшысы Дэвид Петреус те Пәкістанда кездесулер өткізуде.