Accessibility links

Бүгін Талдықорғандағы сотта Жовтистің шағымы қаралады


Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық сотында бүгін Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтистің ісі бойынша апелляциялық сот басталады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 3 қыркүйек күні Балқаш аудандық соты құқық қорғаушы Евгений Жовтисті жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер болды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Евгений Жовтис пен оның адвокаты Виталий Воронов тергеу мен сот процесі кезінде заң бұзушылықтар болды деп, алғашқы инстанциядағы сот үкіміне қарсы шағым түсірді.
XS
SM
MD
LG