Accessibility links

Астанада Қазақстан - Жапония бірлескен комиссиясының отырысы болады


Қазанның 22-сі күні Астанада экономика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Жапония үкіметтік және жеке секторлары бірлескен комиссиясының 10-шы отырысы өтеді.

Бұл туралы хабарлаған ҚР СІМ-нің мәліметінше, екіжақты келіссөздерде Қазақстан тарапын Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов, ал Жапония делегациясын Экономика, сауда және индустрия вице-министрі Хироюки Исигэ басқарады.

Мәжіліс барысында энергетика, индустрия және сауда салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі, сондай-ақ Қазақстанға жапондық ивестициялар мен технологияларды тарту мәселесі талқыланады.
XS
SM
MD
LG