Accessibility links

Алматыдан барған бір топ адам Жовтистің ісі бойынша сотқа кіре алмай тұр


Алматы облыстық сотының қақпасы алдында полицейлер Евгений Жовтистің ісі бойынша апелляциялық сот отырысына Алматыдан арнайы барған адам құқығын қорғаушылар, журналистер мен қоғамдық ұйымның өкілдерін ішкі жаққа кіргізбей, сот қақпасының алдында жүзге жуық адам жиналып тұр деп хабарлайды сол жерден Азаттық тілшісі.

Бүгін таңертең Алматыдан Талдықорғанға шығып, жол-жөнекей кезіккен кедергілердің салдарынан бұл сот отырысына белгіленген уақыттан 50 минуттай кешігіп жеткен адам құқығы жөніндегі қазақстандық бюроның өкілі Роза Ақылбекова мен Жовтистің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында қаза болған жүргінші Қанат Молдабаевтың анасы Райхан Молдабаеваны полицейлер қақпаның ішкі жағына тек жұртшылықтың талабынан соң ғана кіргізген.
XS
SM
MD
LG