Accessibility links

АҚШ-та құпияларды сатқан ғалым ұсталды


АҚШ-та Пентагонға, Американың ғарыш агенттігі – НАСА-ға және АҚШ-тың тағы бірқатар агенттігіне жұмыс істеп келген ғалым тұтқындалды.
Стюарт Дэвид Нозеттке Израильдің барлаушы қызметіне құпия мәліметтерді ақшаға сатты деген айып тағылды.
Ақиқатын айтқанда, ғалымнан құпия мәліметтерді алып, оған ақша төлеп келген «Израиль агентінің» рөлін Федералдық тергеу бюросының қызметкері орындапты.
Айыптау құжатында айтылғандай, Стюарт Нозетт жалған агентке АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатысты аса құпия мәліметтерді беріпті.
Израиль үкіметі әзірше еш сыр білдірмей отыр.
XS
SM
MD
LG