Accessibility links

Пентагонның қожайыны Токиоға келді


АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс қорғаныс мәселелері, оның ішінде Ауғанстан проблемасы бойынша ынтымақтастық бойынша келіссөз жүргізу үшін Токиоға ұшып жетті.
Бұл – Күншығыс елінде осыдан 1 ай бұрын үкіметке солшыл-центристердің келуінен бері Токиоға АҚШ әкімшілігі мүшесінің алғаш рет аяқ басуы болды.
Премьер-министр Юкио Хатояма бастаған жаңа кабинет әлдеқайда тәуелсіз саясат жүргізуге ұмтылатынын мәлімдеді. Күншығыс елі соғыс кемелерінің Үнді мұхитындағы миссиясын қаңтар айында толық аяқтамақшы. Жапон кемелері халықаралық коалицияның Ауғанстандағы операциясын тыл жағынан қамтамасыз етуге атсалысып келеді.
XS
SM
MD
LG