Accessibility links

МАГАТЭ: Иранмен келіссөз «сәтті басталды»


Иранның сыртқы істер министрі Манучер Моттақи өз елінің ядролық технологияны дамыту құқынан ешқашан бас тартпайтынын мәлімдеді.
Сейсенбі күні Венада Иранның ядролық бағдарламасы бойынша әлемнің жетекші елдері мен Иран өкілдерінің келіссөзі жалғасты. Оның барысында Иран министрі Моттақи, мысалға, ядролық отынды АҚШ пен Ресейден сатып алу мәселесі бойынша келіссөзді жалғастыруға ресми Теһран дайын деп мәлімдеді.
Оның қарсаңында атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің бас директоры Мұхаммад Әл-Баради Венадағы келіссөз «сәтті басталды» деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG